"Kaspi Bank" АҚ акционерлері жай және артықшылықты акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

21.06.24 12:30
/KASE, 21.06.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 20 маусымында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 1 800 теңге мөлшерінде 2023 жылы дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні – 2024 жылдың 20 маусымы. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_200624_180.pdf [2024-06-21]