21 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында US57636Q1040
(MA_KZ) MasterCard, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
20.06.24 12:43
/KASE, 20.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
21 маусымынан бастап есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 шілдесіне және
одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша MasterCard, Inc. (АҚШ)
US57636Q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-
де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының
10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 шілдесінде көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың
11 шілдесінен бастап қайта басталады.
[2024-06-20]