ХАБАРЛАМА: 2024 жылдың 19 шілдесінде KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

19.06.24 17:23
/KASE, 19.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE, Биржа) өз акционерлеріне KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу туралы хабарлайды. Жиналыс 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 10:00-ден (Астана қ. уақыты осында және одан әрі) Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат мекен-жайы бойынша өтеді. Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "Қазақстан қор биржасы" АҚ акцияларын сатып алу кезінде олардың құнын анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы" мәселе болып табылады. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың 19 шілдесінде жиналыс өткізілетін орын бойынша 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге асырылады. Кворум болмаған жағдайда Биржа акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы 2024 жылдың 22 шілдесінде сағат 10:00-ден сол мекен-жай бойынша өткізіледі, жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың 22 шілдесінде сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жиналыс өткізілетін орын бойынша жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқығы бар KASE акционерлерінің тізімі 2024 жылдың 18 маусымындағы сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалды. Жиналысты өткізуге қатысты қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (727) 237 5343. Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет- ресурсында Қолжетімді: - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_190724_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_190724.pdf – орыс тілінде. [2024-06-19]