KZ
1 шілде 2025, 02:20
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.06.2024 12:10 #Корпоративтік уақиғалар

АНОНС: 21 МАУСЫМДА KASE "ҚАЗПОШТА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ ӘСЕЛ ЖАНАСОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "KASE TALKS" ӨТКІЗЕДІ

/KASE, 19.06.24/ – 2024 жылдың 21 маусымында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасованың қатысуымен KASE Talks өткізеді.

Іс-шараның басталуы – Алматы қ.уақыты 15:00, өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы, "Freedom" залы.

KASE Talks жүргізушісі – Алина Алдамберген, KASE Басқарма Төрайымы.

Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланады:

  • 2024 жылы KASE алаңындағы KASE қор және валюта нарығының мүшесі ретіндегі белсенділік;
  • Қазақстан арқылы ТМД елдеріне жеткізу үшін "Жібек жолы" логистикалық хабын іске қосу;
  • цифрландырудың "Қазпошта" АҚ қызметін оңтайландыруға әсері;
  • Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту;
  • QazPost.kz мобильді қосымшасы.

Тіркелу үшін pr@kase.kz электрондық пошта мекенжайына хабарласу қажет.

KASE 2018 жылдан бастап қаржы нарығы мен тұтастай Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks дәрістерін өткізеді.

[2024-06-19]