АНОНС: 21 МАУСЫМДА KASE "ҚАЗПОШТА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ ӘСЕЛ ЖАНАСОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "KASE TALKS" ӨТКІЗЕДІ

19.06.24 12:10
/KASE, 19.06.24/ – 2024 жылдың 21 маусымында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасованың қатысуымен KASE Talks өткізеді. Іс-шараның басталуы – Алматы қ.уақыты 15:00, өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы, "Freedom" залы. KASE Talks жүргізушісі – Алина Алдамберген, KASE Басқарма Төрайымы. Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланады: - 2024 жылы KASE алаңындағы KASE қор және валюта нарығының мүшесі ретіндегі белсенділік; - Қазақстан арқылы ТМД елдеріне жеткізу үшін "Жібек жолы" логистикалық хабын іске қосу; - цифрландырудың "Қазпошта" АҚ қызметін оңтайландыруға әсері; - Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту; - QazPost.kz мобильді қосымшасы. Тіркелу үшін pr@kase.kz электрондық пошта мекенжайына хабарласу қажет. KASE 2018 жылдан бастап қаржы нарығы мен тұтастай Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks дәрістерін өткізеді. [2024-06-19]