АНОНС: 21 МАУСЫМДА KASE "HOME CREDIT BANK" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 19.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 21 маусымында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Home Credit Bank" АҚ басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды.
Іс-шараның басталуы – Алматы қ.уақыты 09:00, өтетін орны: Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 506, Rixos Almaty қонақ үйі.
Кездесу барысында "Home Credit Bank" АҚ өкілдері 2023 жылғы қаржылық көрсеткіштер, бизнес-тәуекелдер және банк өнімдерінің кең спектрі туралы ақпарат береді. Бұдан басқа, "2024 жылы Қазақстанның макроэкономикасы және инвестициялық нарығы" тақырыбында панельдік пікірталас өткізіледі.
"Home Credit Bank" АҚ атынан іс-шараның спикерлері:
- Кирил Бачваров, Басқарма Төрағасы;
- Роман Войдыла, әкімшілік-қаржы блогындағы басқарушы;
- Йозеф Райко, тәуекелдерді басқару директоры;
- Андреа Худа, коммерциялық блоктың басқарушы директоры;
- Арина Лепихова, ШОБ бағытындағы цифрлық және транзакциялық бизнестің директоры.
Тіркелу үшін pr@kase.kz электрондық пошта мекенжайына хабарласу қажет.
[2024-06-19]