АНОНС: 21 МАУСЫМДА KASE "HOME CREDIT BANK" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

19.06.24 11:50
/KASE, 19.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 21 маусымында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Home Credit Bank" АҚ басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды. Іс-шараның басталуы – Алматы қ.уақыты 09:00, өтетін орны: Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 506, Rixos Almaty қонақ үйі. Кездесу барысында "Home Credit Bank" АҚ өкілдері 2023 жылғы қаржылық көрсеткіштер, бизнес-тәуекелдер және банк өнімдерінің кең спектрі туралы ақпарат береді. Бұдан басқа, "2024 жылы Қазақстанның макроэкономикасы және инвестициялық нарығы" тақырыбында панельдік пікірталас өткізіледі. "Home Credit Bank" АҚ атынан іс-шараның спикерлері: - Кирил Бачваров, Басқарма Төрағасы; - Роман Войдыла, әкімшілік-қаржы блогындағы басқарушы; - Йозеф Райко, тәуекелдерді басқару директоры; - Андреа Худа, коммерциялық блоктың басқарушы директоры; - Арина Лепихова, ШОБ бағытындағы цифрлық және транзакциялық бизнестің директоры. Тіркелу үшін pr@kase.kz электрондық пошта мекенжайына хабарласу қажет. [2024-06-19]