17 маусымнан бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

14.06.24 16:33
/KASE, 14.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 17 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 22 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 22 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 24 шілдесінде қайта басталады. [2024-06-14]