/KASE, 12.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Алматы) 2024 жылдың
30 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде келесі шешімдер қабылдады:
- компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2023 жылға шоғырландырылған есептілік деректері
бойынша жиынтық шығыны 655 273 мың теңге мөлшерінде бекітілсін;
- 2023 жылға шоғырландырылмаған есептілік деректері бойынша
компанияның 2 884 875 мың теңге мөлшеріндегі жиынтық шығыны
бекітілсін;
- компанияның жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтерді
есептемеу және төлемеу.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегіз мәселе
бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_special_shareholders_meeting_results_
300524_76.pdf
[2024-06-12]