KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың мамыр айындағы жұмысын қорытындылады

12.06.24 15:48
/KASE, 12.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың мамыр айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2024 жылдың мамырында 31,0 трлн теңгені құрады және сәуірге қатысты 5,8 %-ға немесе 1,9 трлн теңгеге төмендеді. - KASE Индексінің мәні мамыр айының қорытындысы бойынша 0,5 %-ға өсіп, 5 038,55 тармақты құрады. - Мамыр айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 1,4 %-ға 30,9 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 1,9 %-ға 13,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. - Мамыр айында екі жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары листинг процедурасынан өтті. - 2024 жылдың 01 маусымындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 251 эмитенттің 687 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/kz/12_06_2024_Itogi_may_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/kz/12_06_2024_Itogi_may_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/kz/12_06_2024_Itogi_may_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-06-12]