12 маусым күні Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

11.06.24 17:37
/KASE, 11.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды: 1) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000903 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, KSK118_090; 1 000 теңге, 450 000 000,00 теңге; 9,8 лет; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) 450 000 данасы; 2) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000937 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, VKK118_093; 1 000 теңге, 1 574 309 000,00 теңге; 9,8 лет; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) 1 574 309 данасы. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған қызығушылықты есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лот мөлшері - 1 облигация. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған қызығушылықты ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесу бағасы бойынша, қарсы өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/membership Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланғанhttps://kase.kz/ru/gsecs/ [2024-06-11]