11 маусымнан бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 11.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 11 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигациялары енгізілді:
1) KZMF00000903 (1 000 теңге, 450 000 000 теңге; 9,8 жыл; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының, сауда-саттық коды– KSK118_090;
2) KZMF00000937 (1 000 теңге, 1 574 309 000 теңге; 9,8 жыл; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының, сауда-саттық коды– VKK118_093.
Аталған облигациялар жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-06-11]