"Эйр Астана" АҚ 04-10 маусым аралығында өз бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпарат берді

11.06.24 16:30
/KASE, 11.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 11 маусымындағы баспасөз мәлімдемесінде блай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі - "Қоғам") 2024 жылғы 30 сәуірде жарияланған Акциялар мен ҒДҚ-ды сатып алу бағдарламасына сәйкес ("Бағдарлама") Қоғамның жай акцияларының ("Акциялар") және Акцияларға қатысты құқықтарды куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттардың ("ҒДҚ") төменде көрсетілген санын "Halyk Finance" АҚ арқылы 2024 жылдың 4 және 10 маусым аралығында (бұдан әрі – "есеп беру кезеңі") сатып алу туралы хабарлайды дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_110624_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_110624_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_110624_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-06-11]