11 маусымда Қазақстан қор биржасмында есептесуі 13 маусымда болатын МЕУКАМ KZKD00000729 (MUM048_0054) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

11.06.24 15:38
/KASE, 11.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 13 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) KZKD00000729 (MUM048_0054) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдың 101,2743 % (кірістілік – жылдық 13,20 %) таза бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 45 688 466 000теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 101,4426 % құрады (кірістілік – жылдық 13,11 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 маусымда болатын, өтеуге дейін мерзімі 2,3 жыл МЕУКАМ KZKD00000729 (MUM048_0054) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі " тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1523120/ [2024-06-11]