Еуразиялық даму банкі өзінің KZ2D00003241 (EABRb9), KZ2C00004711
(EABRb10) және KZ2C00004745 (EABRb11) облигацияларының өтелгені
туралы хабарлады
07.06.24 16:02
/KASE, 07.06.24/ –Қазақстан қор биржасына (KASE) Еуразиялық даму банкі
2024 жылдың 05 маусымында өзінің KZ2D00003241 (EABRb9), KZ2C00004711
(EABRb10) және KZ2C00004745 (EABRb11) облигациялары өтелгені, өтеу
шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – 10-шы купондық
сыйақылар төленгені туралы хабарлады.
- KZ2D00003241 (EABRb9) облигациялары бойынша жалпы сома
20 950 000 000,00 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 20 000 000 000,00
теңге, 10-шы купондық сыйақысы – 950 000 000,00 теңге;
- KZ2C00004711 (EABRb10) облигациялары бойынша жалпы сома
20 950 000 000,00 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 20 000 000 000,00
теңге, 10-шы купондық сыйақысы – 950 000 000,00 теңге;
- KZ2C00004745 (EABRb11) облигациялары бойынша жалпы сома
10 475 000 000,00 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 10 000 000 000,00
теңге, 10-шы купондық сыйақысы – 475 000 000,00 теңге.
[2024-06-07]