/KASE, 10.06.24/ –Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 07
маусымында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "KEGOC" АҚ
басшылығының инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушыларымен кездесуін өткізді.
Кездесу барысында "KEGOC" АҚ өкілдері 2024 жылдың бірінші тоқсанының
қорытындысы бойынша компания қызметінің негізгі өндірістік және
қаржылық нәтижелерін, инвестициялық тартымдылық факторларын және
жобаларды іске асыру жоспарларын атап өтті.
Іс-шараға "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы
директоры Айгүл Әкімбаева, "KEGOC" АҚ Стратегия және тұрақты даму
жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева және "Halyk Finance
"Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы"АҚ Басқарма төрағасының
орынбасары Әділ Табылдиев қатысты.
Толық ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/ru/events/show/2024/kegoc_june_2024/
[2024-06-10]