KZ
2 шілде 2025, 18:04
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.06.2024 11:55 #Корпоративтік уақиғалар

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалғыз акционері компанияның 2023 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 10.06.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) жалғыз акционерінің 2024 жылдың 31 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2023 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • компанияның 407 646 787 000 теңге мөлшерінде 2023 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
  • 61 147 018 050 теңге дивидендтер төлеуге бағытталсын;
  • 346 499 768 950 теңге компанияның иелігінде қалдырылсын.

Осы ақпарат ораналастырылды – толығырақ

[2024-06-10]