KASE өз акционерлеріне KZ1C00001213 жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлеу тәртібі туралы хабарлайды

07.06.24 15:48
/KASE, 07.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылдың 30 мамырында өткен Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында Биржаның (ISIN KZ1C00001213) жай акциялары бойынша жалпы сомасы 9 259 132,5 мың теңгеге дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды және келесі төлем тәртібі анықталды: - бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 8 611,30 теңге; - дивидендтер төлеудің басталу күні – 2024 жылдың 10 маусымы; - дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны – Биржа акционерлерінің банктік шоттарына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысандағы ақшамен; - 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқығы бар Биржа акционерлерінің тізімі 2024 жылдың 10 маусымында Алматы уақытымен сағат 00.00-дегі жағдай бойынша тіркелетін болады. KASE өз акционерлеріне дивидендтер алу үшін Биржаның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде өз деректемелерін (қажет болған жағдайда) өзектендіру қажет екенін хабарлайды. Өзекті мәліметтерді (оның ішінде банктік шоттың деректемелерін) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-на Қазақстан Республикасы, 050040/A15P5B5, Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30/8, 163 тұрғын емес үй-жай мекен-жайы бойынша ұсыну қажет, байланыс телефондары: 8 (727) 355 4760, 262 0846. Бұл ретте брокерлердің клиенттері болып табылатын Биржаның акционерлері дивидендтер алу үшін номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі өз деректемелерін өзектендіру мәселелері бойынша оларға қызмет көрсететін брокерлерге жүгінуі қажет. KASE акционерлердің дивидендтер төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті өз деректемелерін өзектендіруіне қарай акционерлердің жалпы жиналысы Биржаның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап 90 күнтізбелік күн өткенге дейін (2024 жылдың 28 тамызына дейін) дивидендтер төлейтін болады. "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 23 бабының талаптарына сәйкес Биржада немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді, талап етілмеген ақшаны есепке алу мақсатында, Биржа заңнамада белгіленген мерзімдерде "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-да ашылған шотқа аударатын болады. Осылайша, тиесілі дивидендтер алынбаған жағдайда, KASE акционерлері көрсетілген күннен кейін Биржаның жай акциялары бойынша есептелген дивидендтерді алу үшін "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ға жүгінуі қажет болады. Дивидендтер төлеу мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін Биржа акционерлеріне KASE қаржы департаментіне 8 (727) 237 5331 телефон нөмірі бойынша немесе KASE заң бөліміне 8 (727) 237 5339 телефон нөмірі бойынша жүгіну қажет. [2024-06-07]