"Нұрбанк" АҚ акционерлері 2023 жылға банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

07.06.24 11:02
/KASE, 07.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - банктің 2023 жылғы жеке аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - банктің 2023 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; - банктің 7 614 700 мың теңге мөлшеріндегі таза табысы бөлінбей қалдырылсын, 2023 жылға банктің жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбеcін. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегiз мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_special_shareholders_meeting_results_280524_7649.pdf [2024-06-07]