"Bravo Business МҚҰ" ЖШС өзінің KZ2P00008196 (MFBBb1)
облигацияларының өтелгені туралы хабарлады
06.06.24 11:58
/KASE, 06.06.24/ – "Bravo Business МҚҰ" ЖШС (Астана) Қазақстан қор
биржасына (KASE) 2024 жылдың 05 маусымында өзінің KZ2P00008196
(MFBBb1) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, оның шеңберінде
көрсетілген облигациялар бойынша соңғы сегiзiншi купондық сыйақы
төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес, аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 367 500 000 теңге құрады, оның ішінде негізгі қарыз
(облигациялардың жалпы номиналды құны) – 350 000 000 теңге, сегiзiншi
купондық сыйақы – 17 500 000 теңге.
[2024-06-06]