"Нұрбанк" АҚ-ның 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

05.06.24 12:00
/KASE, 05.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KASE-ге банктің 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті ұсынды. 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен): ----------------------------------------------- Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22 ----------------------- ----------- ----------- Меншікті капитал 56 315 785 47 179 907 Жиынтық активтер 461 397 075 465 198 838 Жиынтық міндеттемелер 405 081 290 418 018 931 Таза пайда (таза шығын) 7 742 385 5 656 645 ROA, % 1,68 1,22 ROE, % 13,75 11,99 ----------------------------------------------- Банктің 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Grant Thornton" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық маңызды қатынастарда "Нұрбанк" АҚ мен оның еншілес ұйымдарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді. Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf6_2023_cons_rus.pdf [2024-06-05]