KASE Директорлар кеңесінің Төрайымы болып А.М. Молдабекова сайланды

05.06.24 11:41
/KASE, 05.06.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 31 мамырындағы шешімімен KASE Директорлар кеңесінің Төрайымы болып Әлия Мейрбекқызы Молдабекова сайланды. Ол болмаған жағдайда KASE Директорлар кеңесінің төрағасын алмастыруға құқығы бар тұлға болып KASE Директорлар кеңесінің мүшесі Әбдіразақов Елдар Советұлы сайланды. KASE Директорлар кеңесінің құрамы туралы ақпарат KASE интернет- ресурсында жарияланды – http://kase.kz/ru/kase_management/ [2024-06-05]