"Эйр Астана" АҚ 28 мамырдан 03 маусымға дейін өзінің бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпарат берді

04.06.24 17:43
/KASE, 04.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 04 маусымындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі - "Қоғам") 2024 жылғы 30 сәуірде жарияланған Акциялар мен ҒДҚ-ды сатып алу бағдарламасына сәйкес ("Бағдарлама") Қоғамның жай акцияларының («Акциялар») және Акцияларға қатысты құқықтарды куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттардың ("ҒДҚ") төменде көрсетілген санын "Halyk Finance" АҚ арқылы 2024 жылдың 28 мамыр және 3 маусым аралығында (бұдан әрі – "есеп беру кезеңі") сатып алу туралы хабарлайды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_040624_kz_1.pdf – қазақ тіліндже; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_040624_ru_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_040624_en_1.pdf – ағылшын тілінде. [2024-06-04]