Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Матен Петролеум" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді
/KASE, 04.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Матен Петролеум" АҚ (Атырау) акционерлердің жалпы жиналысының 2024 жылдың 01 маусымындағы шешімімен компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлады:
- шығарылды: Zheng Junzhang (Чжэн Цзюньчжан);
- сайланды: Delatour Grace Fan (Делатур Грейс Фан).
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Матен Петролеум" АҚ Директорлар кеңесі үш адамнан тұрады: Guo Yi (Го И), Wan Wei (Вань Вэй), Delatour Grace Fan (Делатур Грейс Фан).
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2024-06-04]