"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төледі

04.06.24 11:40
/KASE, 04.06.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Холдинг 2024 жылғы 31 мамырда Холдингтің жалғыз акционерінің ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы бұйрығы) шешіміне сәйкес 2023 жылдың қорытындылары бойынша 61 147 018 050 (алпыс бір миллиард жүз қырық жеті миллион он сегіз мың елу) теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді жүзеге асырды. 2023 жылғы дивидендтің мөлшері Холдингтің бір жай акциясына есептегенде 40 (қырық) теңге 60 (алпыс) тиынды құрады. Дивидендтерді төлеу қолма-қол ақшасыз нысанда бір төлеммен жүзеге асырылды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_030624_1.pdf [2024-06-04]