KASE валюта нарығында және деривативтер нарығында клирингілік және есеп айырысу қызметін жүзеге асыруды Клирингілік орталыққа тапсырды

03.06.24 19:17
/KASE, 03.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) өзінің 100 % еншілес ұйымы – "KASE Клиринг орталығы" АҚ-на (KACC немесе Клирингілік орталық) клирингілік және есеп айырысу функцияларын, сондай- ақ орталық контрагентінің функцияларын беруді жүзеге асырды. Осылайша, Биржа Клирингілік орталыққа барлық KASE нарықтарындағы ОК клирингілік және есеп айырысу қызметі мен функцияларын беруді аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 25 қыркүйегінде Клирингілік орталық клирингілік және есеп айырысу қызметін жүзеге асыруға және Биржаның қор нарығында ОК функцияларын орындауға кірісті. 03 маусымнан бастап "қор", "валюта" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшесі болып табылатын 50 қаржы ұйымы Клирингілік орталықтың клирингілік қатысушылары болып табылады. Клирингілік қызмет көрсетуге 1 426 қаржы құралы қабылданды, оның ішінде қор нарығының 885 қаржы құралы, валюта нарығының 22 қаржы құралы, ақша нарығының 499 қаржы құралы және деривативтер нарығының 20 қаржы құралы. Осы уақиғаға арналған KASE және KACC бірлескен баспасөз релизі мына сілтемелер бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/press_releases/ және https://kacc.kase.kz/ru/press-releases/ [2024-06-03]