KZ
4 шілде 2025, 07:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.06.2024 12:05 #Корпоративтік уақиғалар

Биржалық симулятор: 01 сәуір және 31 мамыр аралығында сауда- саттық көлемі 25,9 млрд теңгеге жетті

/KASE, 03.06.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді.

Үш аптаның қорытындысы бойынша (01 сәуір және 31 мамыр аралығында) сауда-саттық көлемі 25 964,7 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 618,2 млн теңгеден асты.

Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше 1 622 және 10,2 млрд теңгені құрады.

Төменде 2024 жылдың 01 сәуірі мен 31 мамыры аралығында құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген:

-------------------------------------
                  Мәмілелер  Көлемі, 
Сауда-саттық коды      саны млн теңге
----------------- --------- ---------
HSBK                  1 746   4 944,4
KSPI                  1 816  3 405,6 
KZAP                  1 023  3 204,6 
KZTO                  1 021   2 839,3
FHJIds                  893   2 296,3
ASBN                  2 124   2 149,3
CCBN                    899   2 028,3
KEGC                    817   1 790,3
KZTK                    652   1 375,5
KCEL                    798   1 245,5
BAST                    358     363,4
RAHT                    321     169,1
KMGD                    378      77,7
IE_FXBF                 199      69,7
BSUL                    150       5,7
----------------- --------- ---------
Барлығы              13 195  25 964,7
-------------------------------------

Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 6 786 қатысушы тіркелді.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады.

"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ

[2024-06-03]