Биржалық симулятор: 01 сәуір және 31 мамыр аралығында сауда- саттық көлемі 25,9 млрд теңгеге жетті
/KASE, 03.06.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді.
Үш аптаның қорытындысы бойынша (01 сәуір және 31 мамыр аралығында) сауда-саттық көлемі 25 964,7 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 618,2 млн теңгеден асты.
Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше 1 622 және 10,2 млрд теңгені құрады.
Төменде 2024 жылдың 01 сәуірі мен 31 мамыры аралығында құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген:
-------------------------------------
Мәмілелер Көлемі,
Сауда-саттық коды саны млн теңге
----------------- --------- ---------
HSBK 1 746 4 944,4
KSPI 1 816 3 405,6
KZAP 1 023 3 204,6
KZTO 1 021 2 839,3
FHJIds 893 2 296,3
ASBN 2 124 2 149,3
CCBN 899 2 028,3
KEGC 817 1 790,3
KZTK 652 1 375,5
KCEL 798 1 245,5
BAST 358 363,4
RAHT 321 169,1
KMGD 378 77,7
IE_FXBF 199 69,7
BSUL 150 5,7
----------------- --------- ---------
Барлығы 13 195 25 964,7
-------------------------------------
Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 6 786 қатысушы тіркелді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
[2024-06-03]