KZ
5 шілде 2025, 22:30
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.05.2024 16:25 #Корпоративтік уақиғалар

"Dosjan temir joly" АҚ 2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

/KASE, 30.05.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан "DOSJAN TEMIR JOLY" АҚ (Астана) компаниясы Компанияның 2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті KASE-ге ұсынды.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың АҚШ долларымен):

--------------------------------------------------------
                                     31.12.23    31.12.22
Көрсеткіш                                ж.б.        ж.б.
---------------------------------- ---------- -----------
Меншікті капитал                   -8 816 204 -10 383 543
Жиынтық активтер                    7 679 048   8 299 802
Жиынтық міндеттемелер              16 495 252  18 683 345
Сату көлемі                         8 401 163   7 643 048
Жалпы кіріс                         5 217 386   4 336 121
Таза пайда (таза шығын)             1 568 080   1 294 690
Жай акцияның баланстық құны, теңге     -1 156      -1 355
ROA, %                                  20,42       15,60
ROE, %                                 -17,79      -12,47
ROS, %                                  18,67       16,94
---------------------------------------------------------

Компанияның 2023 жылғы қаржылық есеп берушілігінің аудитін "Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік барлық маңызды қатынастарда "DOSJAN TEMIR JOLY" АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын анық

көрсетеді.Есеп KASE интернет-сайтында – толығырақ

[2024-05-30]