Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
/KASE, 29.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 29 мамырындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Сонымен бірге ол ҚМГ-дың Ақтау қаласындағы өкілдігін басқарады. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бүгін өткен Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес Қ.Есқазиев ұлттық компанияның Басқарма мүшесі болып сайланды.
Қ.Есқазиев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін тау-кен инженері ‒ геолог мамандығы бойынша бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие..
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
[2024-05-29]