/KASE, 29.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 29 мамырындағы баспасөз мәлімдемесінде
былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" Басқарма төрағасының бірінші
орынбасары болып тағайындалды.
Сонымен бірге ол ҚМГ-дың Ақтау қаласындағы өкілдігін басқарады.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бүгін өткен Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес
Қ.Есқазиев ұлттық компанияның Басқарма мүшесі болып сайланды.
Қ.Есқазиев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай
факультетін тау-кен инженері ‒ геолог мамандығы бойынша бітірген.
Геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие..
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_290524_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_290524_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_290524_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-05-29]