"Эйр Астана" АҚ 22-27 мамыр аралығында өз бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпарат берді

28.05.24 15:25
/KASE, 28.05.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 28 мамырындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі - "Қоғам") 2024 жылғы 30 сәуірде жарияланған Акциялар мен ҒДҚ-ды сатып алу бағдарламасына сәйкес ("Бағдарлама") Қоғамның жай акцияларының ("Акциялар") және Акцияларға қатысты құқықтарды куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттардың ("ҒДҚ") төменде көрсетілген санын "Halyk Finance" АҚ арқылы 2024 жылдың 22 және 27 мамыр аралығында (бұдан әрі – "есеп беру кезеңі") сатып алу туралы хабарлайды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_280524_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_280524_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_280524_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-05-28]