"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00011187 (ODFRb6) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

27.05.24 15:53
/KASE, 27.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 мамырында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00011187 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 13,65%; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 27 қазанында 500,0 млрд теңге сомаға тіркеген "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші болып табылады. "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі болып табылады. Аталған облигацияларға IDFRb6 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингтік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-05-27]