Еуразиялық даму банкінің KZ2D00003241 (EABRb9), KZ2C00004711 (EABRb10) және KZ2C00004745 (EABRb11) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

27.05.24 10:00
/KASE, 27.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 27 мамырынан бастап Еуразиялық даму банкінің келесі облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды: - KZ2D00003241 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb9; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 27.05.19 – 27.05.24; жарты жылдық купон, жылдық 9,50 % ; 30/360); - KZ2C00004711 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb10; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 27.05.19 – 27.05.24; жарты жылдық купон, жылдық 9,50 % ; 30/360); - KZ2C00004745 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb11; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 27.05.19 – 27.05.24; жарты жылдық купон, жылдық 9,50 % ; 30/360). EABRb9 облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2015 жылдың 28 мамырынан бастап, EABRb10 және EABRb11 – 2019 жылдың 16 мамырынан бастап енгізілді. Аталған облигациялармен сауда саттық 2019 жылдың 30 мамырынан бастап ашылды. [2024-05-27]