/KASE, 24.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 24 мамырындағы баспасөз мәлімдемесінде
былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"),
халықаралық қаржы есептілік стандарттарына (ХҚЕС) 34 "Аралық қаржы
есептілігі", тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратты шолу тексеруінің
нәтижелері бойынша есебіне сәйкес жасалған 2024 жылғы 31 наурызда
аяқталған үш ай үшін аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы
есептілігін жариялайды.
2024 жылдың бірінші тоқсаны үшін негізгі қаржы көрсеткіштері 1 2023
жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда:
- Түсім 1 887 млрд. теңгемен (4 149 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда
2 227 млрд. теңге (4 948 млн. АҚШ долл.) құрады;
- EBITDA көрсеткіші 550 млрд. теңгемен (1 210 млн. АҚШ долл.)
салыстырғанда 548 млрд. теңге (1 218 млн. АҚШ долл.) құрады;
- Компанияның бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан
компаниялардағы табыстағы үлесті ескергенде таза табысы 287 млрд.
теңгемен (631 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 300 млрд. теңгені (667 млн.
АҚШ долл.) құрады;
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан
компаниялардағы2 табыстағы үлеске түзетілген таза табыс 96 млрд.
теңгемен (210 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 201 млрд. теңге (446 млн.
АҚШ долл.) құрады;
- Бос ақша ағыны минус 53 млрд. теңгемен (минус 116 млн. АҚШ долл.)
салыстырғанда 144 млрд. теңге (320 млн. АҚШ долл.) құрады;
- 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша жалпы берешек, 2023 жылғы
31 желтоқсандағы 3 757 млрд. теңге (8 265 млн. АҚШ долл.) мөлшеріндегі
көрсеткішпен салыстырғанда 3 971 млрд. теңгені (8 889 млн. АҚШ долл.)
құрады;
- 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Компанияның таза берешегі,
2023 жылғы 31 желтоқсандағы 1 645 млрд. теңге (3 620 млн. АҚШ долл.)
деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 748 млрд. теңгені (3 912 млн.
АҚШ долл.) құрады.
* Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орта айырбастау бағамы
бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2024 жылдың 1-тоқсаны және 2023
жылдың 1-тоқсаны үшін орташа бағам 450,18 және 454,82 теңге/ АҚШ
долл. құрайды, тиісінше; кезең соңына бағамы – 2024 жылғы 31 наурыздағы
және 2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 446,78 және тиісінше
454,56 теңге/АҚШ долл. құрайды).
** Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан
компаниялардағы табыстағы үлеске үйлестірілген таза табыс = Таза
табыс плюс бірлескен-бақыланатын кәсіпорындардан және қауымдасқан
компаниялардан алынған дивидендтер, минус бірлесіп бақыланатын
кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы табыс үлесі..
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_240524_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_240524_rus.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_240524_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-05-24]