24 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "KMF (КМФ) "Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011299 (MFKMb4) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

23.05.24 14:36
/KASE, 23.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 мамырындан бастап "KMF (КМФ) "Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00011299 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFKMb4; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 21.05.24-21.05.25; жылдық купон, жылдық 17,75%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFKMb4/ [2024-05-23]