"Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзінің KZ2C00007052 (BTRKb4) облигациялары бойынша жетiншi купонның төленгені туралы хабарлады

23.05.24 10:35
/KASE, 23.05.24/ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 22 мамырында өзінің KZ2C00007052 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb4) облигациялары бойынша жетiншi купондық сыйақы төленгені туралы хабарлады. Аталған хабарламаға сәйкес аталған сыйақы 2 825 000 000 теңге сомасында төленді. [2024-05-23]