23 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

23.05.24 09:47
/KASE, 23.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 мамырынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 05 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, JPMorgan Chase & Co. (АҚШ) US46625H1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 05 шiлдесiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 09 шiлдесiнен бастап қайта басталады. [2024-05-23]