"Сейф-Ломбард" ЖШС-ның 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

22.05.24 15:13
/KASE, 22.05.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) компанияның 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебін KASE-ге ұсынды. 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен): --------------------------------------------- Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22 ----------------------- ---------- ---------- Меншікті капитал 19 660 397 16 315 643 Жиынтық активтер 27 226 937 24 745 864 Жиынтық міндеттемелер 7 566 540 8 430 221 Таза пайда (таза шығын) 4 384 682 3 606 175 ROA, % 16,10 14,57 ROE, % 22,30 22,10 --------------------------------------------- Компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "SFAI Kazakhstan" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік "Сейф-Ломбард" ЖШС-ның және оның еншілес ұйымдарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың қаржылық нәтижелері мен ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының қозғалысын барлық маңызды аспектілерде анық көрсетеді. Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/MFSL/mfslf6_2023_cons_rus.pdf [2024-05-22]