KZ
17 шілде 2025, 03:50
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.05.2024 14:38 #Корпоративтік уақиғалар

/ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ/ 28 мамырда "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

/KASE, 21.05.24, жиналыстың күн тәртібіне "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен толықтырулар енгізілді/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2024 жылдың 28 мамырында сағат 15:00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен басталатынын KASE-ге хабарлады:

1) компанияның 2023 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;

2) компанияның 2023 жылдағы таза табысын бөлу тәртібі және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы;

3) акционерлердің компанияның және оның лауазымды адамдарының 2023 жылдағы әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;

4) компанияның корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы;

5) компанияның 2025-2029 жылдардағы қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;

6) компания акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы;

7) компанияның кейбір мәселелері туралы;

8) компания жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылған – толығырақ 80524_3870.pdf

[2024-05-21]