23 мамырда Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ 100,0 млн KZ2C00011211 (BTRKb11) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

21.05.24 12:02
/KASE, 21.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 23 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) KZ2C00011211 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb11)облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттарда (Астана қ. уақытымен) арнапйы мамандандырылған сауда- саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00011211 KASE сауда-саттық коды: BTRKb11 Номиналды құны, теңге: 1 000 Шығарылым көлемі, теңге: – тіркелген: 100 000 000 000 – орналастырылған (номиналы бойынша): – Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналымда болу мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купон мөлшерлемесі: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықтың нәтижелері бойынша анықталады Купонды төлеу кезеңділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: actual/actual ------------------------------------------ ----------------------------------- Сауда-саттық күні: 23.05.24 Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 100 000 000 000 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: купон мөлшерлемесі Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:30 Кесім уақыты: 14:00 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 23.05.24, 14:00 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты кесімдеу бағасы бойынша шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Қазақатсна Халық Банкінің еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ ------------------------------------------------------------------------------ "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ-ның бірлескен қаржылық кеңесшілері мен андеррайтерлері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ болып табылады. Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/membership Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/BTRKb11/ [2024-05-21]