"KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011257 (MFKMb5)
облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты
бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
21.05.24 10:31
/KASE, 21.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 20 мамырында "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС
(Алматы) KZ2P00011257 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360)
облигацияларын негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға MFKMb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-05-21]