"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі 2023 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге 300 млрд теңге мөлшеріндегі дивидендтерді бөлуді ұсынды

20.05.24 10:33
/KASE, 20.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 17 мамырындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 15 мамырдағы шешімімен аудиттелген қаржылық есептілік негізінде ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына 2023 жылы алынған 960 млрд теңге таза пайданы келесі тәртіпте бөлу туралы шешім қабылдады: - ҚМГ акционерлеріне дивидендтер төлеуге 300 млрд теңге бөлу; - 660 млрд теңге сомасын ҚМГ иелігінде қалдыру; - 2023 жылға бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрайды. Дивидендтерді төлеу туралы шешімді акционерлер 2024 жылғы 28 мамырда өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) бекітуге жатады. Жалпы жиналыс мақұлдаған жағдайда, 2023 жылғы дивидендтерді төлеу 2024 жылғы 24 маусымда акционерлер тізілімінде 2024 жылғы 29 мамырдағы жергілікті уақыт бойынша 00:00 (GMT+5) тіркелген акционерлерге төленеді. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_170524_kz_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_170524_rus_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_170524_en_1.pdf – ағылшын тілінде. [2024-05-20]