/KASE, 20.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 17 мамырындағы баспасөз мәлімдемесінде
былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің
2024 жылғы 15 мамырдағы шешімімен аудиттелген қаржылық есептілік
негізінде ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына 2023 жылы
алынған 960 млрд теңге таза пайданы келесі тәртіпте бөлу туралы шешім
қабылдады:
- ҚМГ акционерлеріне дивидендтер төлеуге 300 млрд теңге бөлу;
- 660 млрд теңге сомасын ҚМГ иелігінде қалдыру;
- 2023 жылға бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрайды.
Дивидендтерді төлеу туралы шешімді акционерлер 2024 жылғы 28 мамырда
өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) бекітуге
жатады. Жалпы жиналыс мақұлдаған жағдайда, 2023 жылғы дивидендтерді
төлеу 2024 жылғы 24 маусымда акционерлер тізілімінде 2024 жылғы
29 мамырдағы жергілікті уақыт бойынша 00:00 (GMT+5) тіркелген
акционерлерге төленеді.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_170524_kz_1.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_170524_rus_1.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_170524_en_1.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-05-20]