"Bravo Business МҚҰ" ЖШС-нің KZ2P00008196 (MFBBb1) облигациялары
айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды
20.05.24 09:44
/KASE, 20.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16
мамырынан бастап "Bravo Business МҚҰ" ЖШС -нің (Астана)
KZ2P00008196 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар"
санаты, MFBBb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 18.05.22 – 18.05.24; тоқсандық
купон, жылдық 20,00 %; 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты
KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды
Аталған облигациялар 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген.
Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 16 наурызынан бастап ашылды.
[2024-05-20]