21 мамырда KASE-де "KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің 17,0 млн KZ2P00011299 (MFKMb4) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

17.05.24 11:26
/KASE, 17.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 21 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде "KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011299 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигшациялар" санаты, MFKMb4) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда өткізіледі (Астана қ.уақыты). ------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2P00011299 KASE сауда-саттық коды: MFKMb4 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: тіркелген: 20 000 000 000 орналастырылған: - Айналысқа жіберу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеу күні: кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 360 күн Купондық мөлшерлеме: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады Купонды төлеу мерзімділігі: айналыс мерзімінің соңында 1 рет Купонды төлеу басталатын күн: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- --------------------------------- Сауда-саттық күні: 21.05.24 Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 17 000 000 000 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: купон мөлшерлемесі Өтінім беру тәсілі: шектелімді Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:30 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлеу күні мен уақыты: 21.05.24, 14:30 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесу бағасына тең немесе одан жоғары өтінімдер кесіледі Өтінімдер бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесу бағасы бойынша өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: Лимиттелген өтінімдерді оларды беру қарсы өтінімдерді қабылдау уақыты кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ ------------------------------------------------------------------------------- Бірлескен андеррайтерлер - "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "BCC Invest" АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы және "Сентрас Секьюритиз" АҚ. Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының туындысыі көрсетілуі керек. Мәміле көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі бойынша орналастырылған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4- тарауына сәйкес есептеледі. Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтемеде жарияланған http://kase.kz/ru/membership Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат https://kase.kz/kz/bonds/show/MFKMb4/ сілтемесі бойынша жарияланған [2024-05-17]