Қазақстан Қаржы министрлігі 14 мамыр күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) өтеуге кірістілігі жылдық 12,55 %-бен орналастыра отырып, 38,6 млрд теңге тартты

16.05.24 17:33
/KASE, 16.05.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 14 мамырында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 16 мамырында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 38 570 383 203,6 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 14 мамыр күні Қазақстан қор биржасында 38,6 млн МЕУКАМ-72 15-ші шығарылымын (KZKD00001251, MUM072_0015) өтеуге кірістілігі жылдық 12,55 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1519274/ [2024-05-16]