/KACC, 15.05.24/ – KASE клиринг орталығы (KACC) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 16 мамырынан бастап ішінара қамтамасыз ету
шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор
нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) Еуразиялық даму
банкінің KZ2D00007671 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздары" секторы, EABRb15) дисконттық облигациялары енгізіледі.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т + қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына сілтеме бойынша КАСС интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2024-05-15]