15 мамырдан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "KMF (КМФ)"микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің KZ2P00008550 (MFKMb2) облигацияларын олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

15.05.24 10:45
/KASE, 15.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 мамырынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "KMF (КМФ)"микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008550 (MFKMb2) облигацияларын олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады. 2024 жылдың 15 мамырынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 54 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда ("таза" бағалар бойынша) олардың бағалары бойынша есептелетін, баға индексі. Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-05-15]