KASE Листингілік комиссиясы "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-ның
KZ2C00011203 (ARSApp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке
орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
13.05.24 15:05
/KASE, 13.05.24/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы
(KASE) 2024 жылдың 13 мамырында "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-ның
(Қарағанды облысы) KZ2C00011203 облигацияларын ($100, $25,0 млн; 15
жыл; жылдық купон, жылдық 0,60%; 30/360) KASE ресми тізімінің "Жеке
орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланады.
Аталған облигацияларға ARSApp1 қысқартылған белгі (сауда коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланады.
[2024-05-13]